Жетісу полицейлері есірткіні жасырын қойып кетушіні құрықтады

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының полицейлері Жаркент қаласында есіртікіні жасырын қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ 2024 жылдың 2 сәуірінде Жаркент қаласында синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

"Күдікті Volkswagen Passat автокөлігімен жүрген. Тексеру кезінде одан екі бумаға оралған есірткі табылды. Автокөлікті іздеу барысында ұнтақ тәрізді зат салынған тағы екі бума тәркіленді. Күдіктіден жауап алу барысында ол бір күн ішінде Жаркент қаласының аумағында сатуға дайындалған 90 есірткі орамасын жасырғанын мойындады", – дейді ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жүргізілген сараптама тәркіленген өнімнің мефедрон екенін анықтады. Мән-жайларды тексеру барысында ер адам Алматы облысынан сатуға дайындалған синтетикалық есірткіні жасыру үшін келгені белгілі болды.

"Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды", – деп атап өтті М. Жұмабаев.
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды