Құрмет ордені Қазақстанның халық қаһармандарының есімімен байланыстырылады

Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 3 сәуірде өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан атап өткендей, заң жобасына Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасын орындау мақсатында Парламент депутаттары тобы бастамашы болды.

"Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру, жауынгерлеріміздің ерліктері мен естелігін мәңгі қалдыру мақсатында заң жобасында Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін "Айбын" орденінің әртүрлі дәрежелерімен беру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде", - деді Айгүл Құсан.

2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық Құрылтайдың кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық қаһармандарының есімдерін "Айбын" орденінің әртүрлі дәрежелерімен беруді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, көптеген елдерде мұндай тәжірибе патриотизм мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға көмектеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін