Қазақстанның солтүстігінде құтқарушы қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында 45 жастағы құтқарушы қайтыс болды. Ол Түркістан облысынан Тайынша қаласына су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекжан Балданов 2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласында қайтыс болды.

"Аудандық аурухананың реанимация бөлімінде 1978 жылы туған, Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Қуанышұлы Балданов қайтыс болды. Өлімнің себебі-жедел миокард инфарктісі".СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Департамент мәліметінше, Бекжан Балданов 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген.

Сол күні кешке ол өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түскен. Артынша Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтамыз."СҚО ТЖД баспасөз қызметі
Петропавл Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: