ШҚО-да аз қамтылған отбасылардан шыққан 9,5 мың баланың құқықтары қорғалды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 4 сәуірінде ШҚО прокуратурасы аз қамтылған отбасылардан шыққан 9 501 баланың, сондай-ақ 11 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның мәліметінше, талдау барысында мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б.) және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушылардың тамақтану нормалары (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) заңсыз төмендетілгені анықталды.

"Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығында-күніне 40 грамм болуы тиіс, іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни, күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген." Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Сонымен қатар, мектеп асханаларында тамақтандыру бойынша қызмет көрсететін 11 кәсіпкерден төлем кезінде қосылған құн салығын заңсыз алып отырған (620 теңгенің орнына 1 оқушы/күн, яғни ҚҚС есебімен 553 теңгеден төленген).

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ШҚО білім басқармасының 7 лауазымды тұлғасы, оның ішінде, басшының орынбасары (осы бағытқа жетекшілік ететін) қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды." Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Білім басқармасы өңірдің 9 501 оқушысына тамақтану нормаларын ұлғайтып, 11 кәсіпкерге заңсыз ұсталған сомасын өтеу үшін қайта есептеу жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды