Алматы облысындағы арнайы операция: полицейлер 11 адамды ұстады

Сурет: Instagram/baurzhan__alenov
Алматы облысы Полиция департаментінің (ПД) басшысы Бауыржан Әленов 11 адам ұсталған арнайы операция туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, облыстық полиция департаментіне Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында бола жүріп, атыс қаруын заңсыз сақтаумен айналысып жүрген белгісіз тұлғаларға қатысты жедел ақпарат келіп түскен. Жедел арналар арқылы алынған ақпаратты Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚД) қызметкерлері тексерді.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен Жамбыл облысының тумасы Н.(1996 ж.т.) мен Н.(2001 ж.т.) ұстады. Тінту нәтижесінде үш тапанша мен Калашников автоматы табылып, тәркіленді, сонымен қатар ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат бар пакет алынды", — деп жазды Бауыржан Әленов 2024 жылғы 5 сәуірде Instagram желісінде.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер Алматы облыстық полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Барлық алынған заттай айғақтар бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

"Арнайы операция барысында 11 адам ұсталды. Қазір негізгі айыпталушылар қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы менің жеке бақылауыма алынды", - деп қосты Бауыржан Әленов.

2024 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды арнайы операция жүргізіп, оның барысында сегіз топты залалсыздандырғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды