Шетел асқан Жәнібек: Төрт әйелден алынған ДНҚ-ның қорытындысы шықты

Сурет: Жәнібектің желідегі парақшасынан алынды
Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Савельев Қазақстанға анасын іздеп келіп, мақсатына жете алмай кері оралған. Шетел асқан қазақ баласына бірінші болып көмек қолын созғандардың бірі - журналист Қымбат Досжан күні кеше желідегі парақшасында тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қымбат Досжан тағы төрт болжамды анадан сынама алынғанын жеткізді. Алайда, өкінішке қарай, олардың барлығының нәтижесі теріс болып шықты.

"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз болып шықты. Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды", деп жазды журналист. 

Өз кезегінде Жәнібек аталған жазба астына пікір қалдырып, анасын іздеп жатқан жандарға алғыс айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды