Еліміздің бірқатар аймақтарындағы автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды

Сурет: primeminister.kz
"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар трассалардағы жол қозғалысы жайлы мәлімдеді,- деп хабарлайды Zakon.kz.
"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпарат 2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр болатын су тасқыны орын алды.",- делінген ведомства хабарламасында.

Сонымен қатар, 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда