Алматы қаласының барлық ауданында рұқсат етілмеген жарнама жойылып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны басталды, оның аясында қаланың барлық ауданында рұқсат етілмеген жарнама жойылады.

Әуезов ауданында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі "Алматы - біздің ортақ үйіміз" эконауқаны аясында рұқсат етілмеген жарнаманы жою мәселесі бойынша бизнес нысандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әкімдік қызметкерлері 251 нысанды аралады.

Түрксіб ауданында рұқсат етілмеген жарнаманы жою Жансүгіров, Бекмаханов, Іле трактісі, Шемякин көшелерінде жүргізіледі. Әдетте, рұқсат етілмеген жарнама дәмханалар, дүкендер және т.б. кәсіпкерлік нысандарының жанында орнатылады. Барлығы 200 нысан қамтылды.

Алатау ауданында рұқсат етілмеген жарнаманы жою үшін 100-ден астам адам, сондай-ақ 50-ден астам техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 3 бригада аялдамаларды бояумен және жуумен айналысады.

Жетісу ауданында Солтүстік айналма көшесі, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылы бойынша рұқсат етілмеген жарнамаларды жою жұмыстары жүргізілуде. Шамамен 30-40 адам атсалысады.

Наурызбай ауданында Жандосов көшесінің бойында кәсіп иелері 20-дан астам жарнамалық баннерді алып тастады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін