Павлодарда жалған байланыс операторы зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда алаяқ 74 жастағы зейнеткер әйелді алдап, 1 млн 100 мың теңге ақшасын өз шотына аударып алған.

Павлодарлық 74 жастағы зейнеткер алаяқтың қулығына тап болды. Әйелге бейтаныс жігіт қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған.

Зейнеткерге ұялы байланыс операторынан сыйлық ұтып алғаны туралы қуанышты жаңалықты хабарлаған. Тосын жаңалыққа қуанған зейнеткер жалған байланыс операторына тұрғылықты мекенжайын хабарлайды.

Біраз уақыттан кейін қолында шоколады мен бокалы бар ер адам зейнеткердің үйіне келіп, әйел кісіні әңгімеге тартқан. Зейнеткер өзі туралы және анасының ауруы туралы ер адамға бәрін айтып берді.

Келесі күні жігіт әйелдің үйіне қайтып келеді, жәбірленушінің анасына сыйлыққа торт ала келген. Тағы бір күннен соң ер адам зейнеткерге қайта барып, оған жеміс әкелді, өзінің ерікті екенін айтқан. Жәбірленушінің айтуы бойынша ол сыпайы және кішіпейіл болды.

Әңгіме барысында зейнеткер жігітке ас үйдегі үстелдің сынған жерін жөндеу қажеттігін айтқан. Жігіт оның өтінішіне жауап беріп, зейнеткердің үйіне тағы да бас сұққан.

"Жас жігіт зейнеткердің қосымшасын телефонға жүктеп, Face-ID көмегімен зейнеткердің депозитінен ақшаны телефон нөмірі бойынша өз шотына аударып, содан кейін белгісіз бағытта жасырынған. Қазір полицейлер ер адамды іздестіріп жатыр. Жақын жердегі бейнебақылау камераларының барлық жазбалары көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары банктердің қосымшаларынан жеке мәліметтер мен парольдерді белгісіз адамдарға бермеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлеспеуге кеңес береді. Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында алаяқтықтың 481 фактісі тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі