Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары 180 мың теңгеден көмек алды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов республикалық штабтың брифингінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлемдері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Қостанай облысының тұрғындары өтемақы төлемдерін ала бастады.

"Бүгінгі таңда 620 отбасына 114,4 млн теңгеге әлеуметтік көмек төленді", – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталғанын атап өтті.

"Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жеке тұрғын үйді су басты."

Бүгінде 160 – тан астам жеке тұрғын үй су астында қалып отыр:

"Судың басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар"Арман Әбенов

Бұдан басқа, көліктік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар: Екідин, Үрпек, Ақкөл, Қарасу, Сага, Бидайық, Ошаған, Құмшық және Көлкамыс ауылдары Жангелді ауданында, Қызылту ауылы Меңдіқара ауданында.

Бұған дейін, Қазақстан ТЖМ су басу аймақтарынан 96 мың адам эвакуацияланғанын хабарлаған болатын.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты