Таразда "көші-қон" қызметкерлері ұсталды

Сурет: freepik
Қазнетте Тараз көші-қон қызметінің басшыларын ұстау туралы ақпарат пайда болды. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұстау туралы ақпарат egov.press Telegram арнасында жарияланды.

"Кейбір дереккөздер Тараздың көші – қон қызметінің басшылары парамен ұсталды деп хабарлайды", - делінген жазбада.

Zakon.kz тілшісінің жауапты органдарға жолдаған сауалдарына, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі: көші-қон қызметкерлері ұсталғанын растап, оқиға 2024 жылдың 10 сәуірінде болғанын айтты.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Жамбыл облысы ПД ҚББ-мен бірлесіп, Тараз ҚБ көші-қон қызметінің екі қызметкерін заңсыз сыйақы алды деген күдікпен ұстады".Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны, қылмыстық іс қозғалғаны атап өтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті