Талдықорған маңындағы археологиялық кешен мемлекет қорғауына алынады

Сурет: Zakon.kz
Талдықорған маңындағы Қызылтас археологиялық кешені мемлекет қорғауына алынады. Ал ол жердегі тау-тасты жару, қопару жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды. Қиыршық тас өндірумен айналысатын кәсіпорын шикізатты басқа карьерден алу мәселесін қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Ұлттық арна эфирінде көтерілген мәселе болатын.

Мың жылдық тарихы бар петроглифтер кездесетін тауда жарылыс жұмыстары жүріп, тарихи жәдігерлер жойылуға шақ қалған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Тараптар бір мәмілеге келіп, бұзылған таңбалы тастарды басқа жерге көшіріп, қалған тарихи ескерткіштерді сақтап қалуға бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Мемлекеттен археологиялық кешендерді паспортизациялауға 10 млн теңге қаржы бөлінді.

"Қызылтас петроглифтері және ар жағында Дауылбай, Ордакүл бар. Еңбек жақтағы тауларды паспортизация жасасақ па деп конкурс жариялайық деп отырмыз. Ертең конкурсты жариялап, келесі аптада келісімшартқа отырып жұмысты бастап кетсек пе деп отырмыз." Ғалымжан Оспанов, Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды