12 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Астанада аяз болады, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары жұмада, 2024 жылы 12 сәуірде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елордада күн күрт суыту ықтималдылығы жоғары, ал еліміздің өзге ең ірі екі мегаполисінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі:

Астанада - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +7...+9°С;

Алматыда - аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +13...+15°С;

Шымкентте - аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +19...+21°С.

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын, негізінен жаңбыр жауатынын ескертеді.

"Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), республикамыздың шығысында, орталығында да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейею сипаты басым, еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінде көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады". "Қазгидромет" РМК


Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды