Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Сурет: pexels
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс көлемінде бірнеше үйді үптеген әккі ұры ұсталды.

Жедел уәкілдер бұрын сотты болған 30 жастағы тұрғынды облыс орталығының аумағында кезекті ұрлық үстінде ұстады.

Тергеу барысында аталған күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап келгендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6 млн теңгені құрады. Бүгінгі күні күдіктінің қала аумағында 8 пәтер ұрлығын жасағандығы анықталып, өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

"Құрметті облыс тұрғындары! Пәтер ұрлықтарының алдын алу мақсатында үйлеріңізге темір есіктер, терезеге темір торлар және дабыл құрылғылары мен бейнебақылау жүйелерін орнатуға кеңес береміз", – дейді полиция қызметкерлері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді