Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Айдар Жақсыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 15 сәуірде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айдар Жақыбаев 1988 жылы 14 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Бостон университетін (АҚШ) "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған. Әр жылдары "KPMG Tax and Advisory LLC" АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс атқарды. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аппараты департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, бүгін,15 сәуірде Ерболат Досаев Алматы әкімінің орынбасарын тағайындады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті