Астана мен еліміздің 10 өңірінде жел соғып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады деп болжанады

17 сәуірде Астанада және Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

 Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында да жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Петропавлда түнде жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 25 м/с.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, жел соғады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте түнде найзағай ойнап, батысқан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен түнде соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде найзағай жарқылдайды.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың солтүстігінде, шығысында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты Көкшоқы өзеніндегі Үлкен Алматы бассейнінде және Ақжар өзеніндегі Ақсай бассейнінде судың кенерінен асуына байланысты шамалы сел жүру қаупі бар.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Синоптиктер алдында алдағы үш күнге арналған Алматы қаласындағы ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: