Ластаев: Адам құқықтарын қалпына келтіру бойынша 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 17 сәуірінде президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, есепті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев берді. Есепте:

Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 15 сәуірінде елімізде әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылданды.

Заңның мақсаты - әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да негіздерін жетілдіру.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды