Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетті – ІІМ оқиғаға анықтама берді

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Ішкі істер министрлігі 2024 жылғы 17 сәуірде елордалық мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысы терезеден секіргені туралы оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаны растады.

"Аталмыш оқиға кеше орын алды. Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркедік. Қазір тергеуді бастадық және оның нәтижесі бойынша ғана қорытынды жасай аламыз. Дәл қазір оқиғаның себептері туралы нақты айта алмаймын, бұл үшін қажетті зерттеулер мен сараптамалар қажет", – деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, 17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті. Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты