Алматыда бірнеше шағын аудан сусыз қалады

Сурет: pexels
"Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныны алдағы жоспарлы профилактикалық жұмыстар әсерінен қаладағы бірнеше шағын аудан уақытша сусыз қалатынын мәлімдеді. Кәсіпорын тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 00:05-тен 26 сәуір күні сағат 06:00-ге дейін бекіткіш арматураны ауыстыру және таза су резервуарларын жуу бойынша сумен жабдықтау нысандары мен желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

"Осыған байланысты Орбита 1-4 шағын аудандарында, Таугүл 3 шағын ауданында, Мамыр 1-7 шағын аудандарында, Саин-Жандосов-Яссауи-Шаляпин, Яссауи-Шаляпин-Әшімов-Абай көшелерінің контурында су беру уақытша шектеледі.",- деп толықтырды мекеме.

Жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Білім беру нысандарына автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады. Тұрғындар үшін су таситын көлік белгіленеді, су тыситын көліктердің жүру бағыттарының кестесі мен сызбасы almatysu.kz.сайтында көрсетілетін болады""Алматы Су" МКК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 274-66-66, 241-26-79.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс