Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр

Сурет: видео скрині
Алматыдағы "Арай" білім беру орталығы Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданына қаржылай және гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қаражат жинау үшін білім мекемесі арнайы жәрмеңке ұйымдастырған. Оқушылар мен ата-аналар түрлі тағамдар пісіріп, қол өнер бұйымдарын сатылымға шығарыпты. Содан түскен қаржы табиғи апаттан жапа шеккен Ойыл ауданына жөнелтілген. Тек ақшалай көмектеспей, ата-аналар мен ұстаздар түрлі азық-түлік те әкелген. Арасында гигиеналық заттар да бар.

"Ойыл ауданы жалпы тасқынан қатты зардап шеккен аудандардың бірі. Сондықтан да біз сол елдімекенге сәл де болсын көмегіміз ретінде осы шараны өткізіп жатырмыз Жиналған қаржы мен азық-түліктер сондағы мектептердің біріне жеткізіледі". "Арай" білім беру орталығының директоры Мира Жексенбаева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті