Мемлекет басшысы Қазақстанның қай өңірі тұрғындарының бастамасын қолдады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы тұрғындарының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі бастамасын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады.", - делінген жазбада.

Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясы аясында Семей мен Бородулиха ауданының жүздеген тұрғындары жаңа көшеттерге өмір сыйлау үшін "Семей орманы" ГЛПР қызметкерлері дайындаған учаскелерге ағаш отырғызғаны хабарланған болатын. Акцияға Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, оның орынбасарлары, ЖОО, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының басшылығы мен студенттері қосылды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаппай акцияға барлығы 30-дан астам ұйым қатысты.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың жазында Абай облысының ормандарында ірі өрт болды. Қайғылы оқиға салдарынан "Семей орманы" орман табиғи резерватының 14 қызметкері қаза тапқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды