Атырауда су тасқының шыңы мамырдың басында күтілуде

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Атырауда су тасқыны шыңы туралы болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол мамыр айының басында күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жедел штаб жанындағы ғалым-зерттеушілердің жұмыс тобының өкілі Арман Жұмағазиев Батыс Қазақстан облысы тарапынан келетін үлкен су көлемі Атырауда Жайық өзенінің арнасын мамыр айының басында тасытуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, бұрынғы деректерге сүйенсек, Атырау облысына судың көп бөлігі мамыр айының орталарында келген. Бірақ, биылғы жылы Ресей аймағынан су көлемінің көп келуі, көктемгі су тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр.

"Батыс Қазақстан облысы тарапынан төменге аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде келеді. 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің арнасы толады деп күтілуде"Арман Жұмағазиев

24 сәуір, 8:00-дегі мәлімет бойынша, Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 422 см-ге жетті.

Өзеннің қауіпті деңгейі 550 см.

24 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Атырау қаласында Жайық жағалуына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді