Астанада "туысы жол-көлік оқиғасына ұшырады" деген алаяқтық схемасы бойынша курьер сотталды

Сурет: Zakon.kz
Астана прокуратурасы соңғы кездері телефон алаяқтарының курьер арқылы азаматтардың ақшасын жымқыру фактілері жиілеп кеткенін айтты. Олардың біреуіне үкім шығып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының прокуратурасы берген ақпаратқа сай, телефондық алаяқтар әртүрлі сайттарға курьерлік жұмысты ұсынып өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуы туралы жарнамаларды орналастырып отырған.

Үкіммен анықталғандай, телефондық алаяқ жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша қаражатын аудару қажет екенін айтқан.

Осындай схема бойынша 1 млн. теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, 2 жәбірленушіні алдаған.

Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы хабарландырудан тауып, қылмыстық топтың сыбайласы болған. Кінәлі ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10% қалдырып, қалған соманы белгісіз тұлғалардың есепшотына жіберіп отырған. Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өндірумен сотталды, - деп жазылған Астана прокуратурасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі мәлімдемесінде айтылған.

Үкім заңды күшіне енді.

"Қылмыстық топтың сыбайластарына қатысты, оның ішінде, қылмысты ұйымдастырушыға қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылдануда." Астана қаласының прокуратурасы

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өзінің ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.


Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады