Шымкентте патрульдік полицейлер ер адамды ажалдан құтқарды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте полицейлер екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары ер адамның Байтұрсынов көшесіндегі жер үсті көпірінен секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама алды.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқады.

Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды. Аталған оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.

"Күнделікті қызмет барысында біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Әрқашан азаматтарға қиын сәтте көмек көрсетуге барымызды саламыз. Бақытқа орай, бүгін екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалдық", – дейді офицерлер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді