Ақтөбеде жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу үшін "Ашық есік" күні өтті

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
3 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің базасында өткен "Ашық есік" күні өтті.

"Ашық есік" күнінің мақсаты: Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында отанды қорғаумен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Жастарды болаттай берік темірдей тәртіпке төзімді етіп тәрбиелеу.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шараға 80 жуық студенттер мен қала жастары қатысты. Шарада жастар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару жарақ түрлерімен танысты.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адамгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізді.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала жастары әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

Шара барысында жастарға жеңіс ленталары таратылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады