Дәстүрді дәріптеген Зейнеп Ахметова шымкенттік жастармен кездесті

Сурет: Шымкент ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы
"Шуақты күндер" кітабымен оқырманға, "батыр Бауыржан келіні" атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова Шымкентке барды.

"Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін" деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Суреттер: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Ұлттық дәстүрімізге қайшы әдеттерді қатаң сынап, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл аударатын Зейнеп Ахметовамен "Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі" тақырыбында "Жастар ресурстық орталығында" кездесу ұйымдастырылды. 

Жиынға мектеп оқушылары, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, педагогтер мен өзге де сала қызметкерлері қатысты. Әсіресе, кездесуге барған жастардың қарасы көп болды.

Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Сырласу кешін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Зейнеп Ахметова жиналған көпшілікпен екі сағаттан аса, емін-еркін сырласып, естеліктері мен ғибратты, өнегелі әңгімелерін айтты. Халықтың рухани әңгімені сағынғанын соғылған шапалақтар білдіріп тұрды. Сұрақ орнына алғыс айтылды. Кеш соңында Зейнеп Ахметоваға шапан жабылып, гүл шоқтары жауды. 

Сурет: Шымкенттің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен қолға алынған "Қайырымды қала құндылықтары" жобасы аясында түрлі саланың танымал өкілдерімен кездесулер сериясы тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі