Ақтауда әйел кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алып, ізін суытқан

Ақтауда әйел кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алып, ізін суытқан , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 21:58 Сурет: pexels
Әлеуметтік желілерде белгісіз әйелдің орындықта отырған кішкентай қызға жақындап келіп, оның алтын әшекейін шешіп алып, оқиға орнынан кетіп қалған бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Ақтау қаласының 29-шағын ауданында, көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісі маңында болған. Оқиғаның нақты уақыты көрсетілмеген.

"Аталған дерек бойынша әйелдің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп жазды Lada.kz жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Бұған дейін Ұлытау облысында полиция ірі ұрлықтың бетін ашқанын жазғанбыз, онда да күдіктілердің іс-әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: