Ақтауда жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынды

Сурет: видео скрині
Екі жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлады Zakon.kz.

26-шағын ауданда "Қарлығаш" балабақшасына қарама-қарсы жердегі жаяу жүргіншілерге арналған аймақта көлік жүргізіп бара жатқан адам видеоға түсіп қалған.

Hyundai Tucson жүргізушісі анықталды. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 1-бөлігі бойынша ("Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру") хаттама толтырылды. Бап бойынша 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Дәл осындай оқиға 13-шағын ауданда №2 үйдің артында болған, онда да "Нива" көлігі жаяу жүргіншілер жолымен жүрген. Бұл жүргізушінің әрекеті жоғарыдағы бап бойынша сараланды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді