Шымкентте мас ер адам өзгенің көлігін ұрлап кеткен

Сурет: ҚР ІІМ
Тәртіп сақшылары ұрланған темір тұлпарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Оқиға жексенбі күні таңғы уақытта болған.

Достарымен өткізген көңілді бас қосудан кейін 29 жастағы тұрғын бөтеннің көлігін айдап кетуді шешкен. Жақын маңда тұрған "99" бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған.

Көлігінің жоғалғанын көрген иесі осы оқиға туралы бірден полицияға хабарлаған. Темір тұлпарды іздеуге полиция департаментінің ЖБО бейнебақылау инспекторлары кірісті.

Ұрланған көлікті қаскөй Туран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдына қалдырғаны белгілі болды. Жолын жаяу жалғастырған азаматты патрульдік полицейлер ұстады.

Ол масаң күйде болғанын алға тартып, ақталғысы келді. Ер адамның мас халін медициналық куәландыру растағаннан кейін, ол ӘҚБтК-ке сәйкес 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету жайты бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Жамбыл облысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының қатысуымен жаңа өндіріс іске қосылды

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды