Қазақстанда алты құрылыс компаниясының лицензиясы алынып тасталды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстауда құрылыс нысандарына жүргізілген 55 жоспардан тыс тексеруден кейін көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңнама мен құрылыс нормаларын аса өрескел бұзу салдарынан сотқа 35 талап-арыз беріліп, оның 33-і қанағаттандырылып, қалғаны қаралу үстінде екені айтылды. 2023 жылдан бері бес ғимарат бұзылған. Қалған нысандар сот шешімімен демонтаждауға кезекте тұр.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы 2023 жылы заңсыз құрылыстармен күресу шаралары қолға алынғанын түсіндірді.


"Алты құрылыс компаниясының құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы қайтарылып алынды, тағы бес компания өз еркімен лицензиясынан бас тартты. Сондай-ақ техникалық қадағалау мекемесінің аккредитациясынан айырылып, екі техникалық қадағалау сарапшысының сертификаттары алты айға тоқтатылды.Төрт коммерциялық нысанды бұзу туралы сот шешімі шықты", - деп түйіндеді ол.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев заңсыз салынған ғимараттар қаланың сәулеттік келбетін бұзып қана қоймай, тұрғындарға қауіп төндіретінін, өйткені олар көбінесе құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып бой көтеретінін айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты