Марқұм N9 мектепте оқыған. Суицидке не себеп болғаны әзірге нақты белгісіз. Мектептегілер оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты. Білім басқармасының баспасөз қызметі 11-сынып оқушысын белсенді және оқу үлгерімі жақсы деп сипаттады.
"2024 жылдың 12 мамырында 11-сынып оқушысының өз бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды, бұл мектеп әкімшілігінің мәліметінше, ол оқу үлгерімі жақсы оқушы болған", – деп хабарлады Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір бұл іс Шымкент қалалық ІІБ бақылауында. Бұл өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ме және түлектің өз өмірін қиюына не себеп болғанын қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары тергеу құпиясын алға тартып, қайғылы оқиғаның мән-жайын ашпай отыр.
"Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
2024 жылдың ақпан айында Шымкентте 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Ол оқыған жеке мектеп оның мектеп психологымен бірнеше ай жұмыс істегенін айтады. Мектеп оқушысының неге мұндай шарасыз қадамға барғанын директор нақты айта алмайды.