Мопед жүргізушілерін қандай жағдайда жүргізу құқығынан айырады

Сурет: Zakon.kz
Депутат Екатерина Смышляева 15 мамырда мәжіліс аясында қандай құқық бұзушылықтар үшін мопед жүргізушілерін жүргізу құқығынан айыруы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екатерина Смышляева қазір мопедтер көлік құралдарына теңестірілгенін және оларға да осындай санкциялар қолданылатынын атап өтті.

Журналистер мопед жүргізушілері мас күйінде көлік құралын айдағаны үшін жүргізуші құқығынан айрылу мүмкіндігін нақтылады.

"Енді солай болады. Егер адам мопедпен мас күйінде жүрсе, онда ол қоғамдық орында алкогольді сусын қолданғаны үшін жазаланады. Мұндай заң бөлігі бар. Ұсынылған нормалар күшіне енгеннен кейін ол көлік құралының толыққанды жүргізушісі болады және "мас күйінде көлік жүргізу" бабы бойынша жауап береді",-деді депутат.

Ол қылмыстық жауапкершілікке дейін болатынын атап өтті.

"Бұл әділ, олар да жол қозғалысының қатысушылары. Қазір көптеген адамдар үшін мопедтер тиімді құралға айналды. Халық арасында мас күйде мопедпен жүре аласың, оған ешкім ештеңе демейді деген жаңсақ пікір бар. Бұл дұрыс емес, өйткені мопедті басқаратын адам да жол қозғалысының қатысушысы, ол да кез – келген басқа жүргізуші сияқты байсалды әрі сақ болуы керек", - деп толықтырды Смышляева.

Айта кетейік, 15 мамырда мәжіліс депутаттары пленарлық отырыстың екінші оқылымында "жол қозғалысы туралы" заңға мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдататын түзетулер және оған ілеспе әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер қабылдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті