Қарағанды облысында прокурорлармен 10 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді

Сурет: pixabay
Қарағанды облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда облыс экономикасына салған инвестициясы 219 миллиард теңгеден асатын 10 инвесторға құқықтық көмек көрсетіліп, қиындық тудыратын мәселелері шешілді.

Бұзылған құқықтарды жедел қалпына келтіруге және қорғауға мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысатын Фронт-офис жұмысы ықпал етеді.

"Мысалы, "Manufacturing - United Energy Qazaqstan" ЖШС (Германия) біздің облыста 198 жұмыс орнын құрумен, жел электр станциялары үшін конустық мұнаралар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруда (инвестиция сомасы - 36 млрд теңге)." Қарағанды облысының прокуратурасы

Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін индустриялық-инновациялық жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу қажет.

Алайда инвестормен кездесу барысында ол жергілікті атқарушы органдар өтінімін қарауды созбалаңдыққа салғанын мәлімдеді.

Жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу туралы өтінім 5 ай бойы, әр жолы жаңа ескертулермен, қайта қарауға қайтарылған.

Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының прокуроры инвестор және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, Фронт-офис алаңында кеңес ұйымдастырды, онда құжаттарды дайындауға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті тапсырмалар берілді.

Нәтижесінде мәселе тез арада шешіліп, жоба қажетті аймақтық сараптамадан өтіп, Индустрияландырудың біріңғай картасына енгізілді.

Инвестордың өтінімдерін қарауды созбалаңдыққа салу және сапасыз қарау фактісі бойынша қадағалау актісі енгізілді. Облыстың Индустрия және инновациялық даму басқармасының кінәлі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда және қадағалау органының бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды