Алматы полициясы 5 мыңнан астам құқық бұзушылықты тоқтатты

Шаһардың ПД осындай мәліметтерді келтіріп, "мүлдем төзбеушілік" қағидатын нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 10 мамыры мен 20 мамыры аралығында өткізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығаруда.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың алдын алуға бағытталған.

"ЖАІ-нің 6 күнінде полиция бөлімшелері "ізін суытпай" 169 қылмыстың бетін ашты. Сондай-ақ, бұрын жасалған 77 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 16 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, 5 мың 396 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. 247 ұсақ бұзақылық, 539 тыныштықты бұзу, 766 қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу және т.б. ауыздықталды", - дейді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: