Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы қайта құрылды

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Үкіметтің 2024 жылғы 10 сәуірдегі қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің" Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің" Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылсын", – делінген құжатта.

Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындалды.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында тестілеу өткізу болып белгіленді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті