Нұртілеу Лавровпен келіссөздер өткізді

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД бағыты бойынша пікір алмасты. Ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы аталып өтті.

Кездесу барысында министрлер 2000 жылғы 9 қазандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының Астрахан қаласында ҚР консулдығын және Қазақстан Республикасының Орал қаласында РФ консулдығын ашу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Тараптар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қолғабыс көрсету мақсатында сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды