Алматыда полиция көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді

Сурет: polisia.kz
Алматыда полиция жалпы құны 30 млн теңге болатын шетелдік үш көлікті ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер органдары қызметкерлері жүргізген "Автокөлік" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде бұрын жасалған көлік ұрлау мен айдап кетудің 27 фактісі және былтырғы 7 қылмыс ашылды. Қылмыстық есепке алынған 13 көлік анықталды, оның ішінде сегіз көлік ТМД елдері бойынша іздеуде болды.

Іздеуде жүрген бір қылмыскер және көлік ұрлау фактісі бойынша алты дәлелді күдікті ұсталды.

Осылайша, полиция осы жылдың сәуір-мамыр айларында Алматыда жалпы құны 30 миллион теңгеге жуық болатын шетелдік үш көлікті ұрлаған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғынын ұстады.


34 жастағы ер адам пәтер мен үйлерден ұрлық жасаумен айналысқан. Ол басқа құнды заттармен бірге үй иелерінің көліктерінің кілтін алып, ұрланған көліктермен қылмыс орнынан қашып отырған. Артынша ол қарыздарын өтеу үшін ұрланған көліктерді төмен бағаға сатып жіберген.

Күдікті қамауға алынды. Көліктер заңды иелеріне қайтарылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады