Астанада көлік бөлшектерін ұрлаған ер адам анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аккумулятор ұрлаумен айналысқан 36 жастағы ер адамды анықтады.

Астана тұрғыны бір түнде екі көлікті тонап үлгерген. Түнде Абай даңғылы бойындағы үйдің жанындағы автотұрақта құлпы ашылған Volkswagen Passat автокөлігінің аккумуляторын, магнитофонын және жұмыс бөлшектерін алып шығып, жалпы сомасы 140 мың теңге залал келтіргені анықталды.

Дәл сол түні күдікті көрші ауладағы ВАЗ 2106 көлігінің аккумуляторын дәл осылай шығарып алған.

Белгілі болғандай, ер адам ұрланған автокөлік бөлшектерін үйінің ауласындағы бұталардың арасына жасырып, таңертең жалдаған көлікке олжасын тиеп, кейін оны сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындап, оның бұрын астанада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді