Алматы полициясы есірткі притонын жойды

Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, есірткі притоны Жетісу шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Үй иесі мен оның кейбір қасындағылардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полиэтилен байламдары, өсімдік тектес заты бар сіріңке қораптары, электронды таразылар табылды және тәркіленді.

"Ұсталғандар гашиш пен марихуананы жеке пайдалану үшін сақтағандарын айта бастады. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі заттарды тұтыну және заңсыз сақтау үшін орын ұйымдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды