Астанада қонақүйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды

Сурет: polisia.kz
Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақүйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана полиция департаменті Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған. Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындаған.

Сондай-ақ оның Астана аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты