Бүгінде Тараз қаласындағы "Қапал", "Үшбұлақ", "Қарасу-1", "Қарасу-2", "Төрегелді" каналдарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың соңына дейін 300 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылатын болады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұған дейін аймақ басшысы облыс орталығындағы су каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Соған сәйкес, қазіргі таңда 6 каналда механикалық тазалық жұмыстары басталып үлгерді. Жалпы, биыл қаладағы 8 канал тазалаудан өтеді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Тараз қаласындағы каналдардың тазалығы назардан тыс қалған емес. Бұл жұмыстар "Таза Қазақстан" акциясы аясында қайта жандана түсті. Мен тұратын "Қарасу" шағын ауданындағы жағалау қаламыздың көрікті жерлерінің біріне айналып келеді. Бұрын қамыс пен қоға басып жатқан аймақ бүгінде талдар егіліп, гүлмен көмкерілген көрікті мекенге айналды. Кешкісін отбасымызбен шығып, осында серуендеуді дәстүрге айналдырдық", -дейді қала тұрғыны Бақытжан Тоқболатов.