Тоғыз жасар алматылық өз басымен тапқан ақшасын су тасқынынан зардап шеккендерге аударған

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсеткен алматылық оқушы Дәулен Бауыржанұлына алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 3-сынып оқушысына табыстады.

"Қазақстан Президенті 9 жастағы Дәуленнің игі ісін жоғары бағалап, оның әрекетін нағыз отаншылдықтың үлгісі деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хатында баланың бойына асыл қасиет дарытқан ата-анасы мен ұстаздарына ризашылығын білдірді. Президент Дәулен сияқты ақылды әрі зерек балалар бар елдің болашағы жарқын екенін ерекше атап өтті", деп хабарлады 29 мамырда Алматы қаласының әкімдігі.

Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияның 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлы зияткерлік олимпиадаға қатысу үшін Qalan.kz порталына тіркелді. Ол жеңісі үшін берілген бонустарын жинаған. Әлеуметтік желіде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың суретін көріп, ойланбастан оларға көмектесу туралы шешім қабылдап, жиналған 25 мың теңгесін арнайы қорға жіберген.

"Елімізде болып жатқан табиғи апат туралы естіп, көмектескім келді. Мен жиналған барлық ақшаны көмек ретінде жіберуді шештім. Алдымен мұны ата-анама айтып едім, олар менің бұл ойымды бірден қолдады", - деді Дәулен.

Дәуленнің мұғалімі Сағадат Жұбанышбекованың айтуынша, сабақты үздік оқиды, математика, информатика, жаратылыстану ғылымдарын жақсы көреді. Бірнеше рет "Алтын сақа", "Кенгуру", "Ақбота" олимпиадаларының жеңімпазы атанған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі