Қазақстандықтар шетелдіктерге елге заңсыз кіруге көмектесуде

Сурет: pixabay
Жамбыл облысының прокуратурасында Қазақстан азаматтарының көмегімен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактілері туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың аяғында жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Пәкістан, Ауғанстан, Қырғызстан және Бангладеш елдерінің 20 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 4 тұлға ұсталды.

"Аталған факті бойынша Қордай аудандық ПБ-мен ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тергеп-тексерілді. Қордай аудандық сотының үкімдерімен 24 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Азияның 20 азаматы мерзімін өтегеннен кейін елден шығарылды".Жамбыл облысының прокуратурасы

Осыған ұқсас аудан прокуратурасының үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Непал Республикасының 10 азаматына қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 қылмыскер құрықталып, 12.05.2024 жылғы сот санкциясымен қамаққа алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

4 сәуірде Түркістан облысында шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен адамдар тобын ұстады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін