Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматының Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде 27 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған.
"Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пәтерді тінту барысында медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және басқа да синтетикалық психотроптық затты өндіруге арналған құралдарды тәркіледі. Дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 граммды құрайтын Альфа-PVP есірткі заты. Пәтерден табылған: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Күдікті қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді