Сондықтан, саланы дамыту үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті жердегі демалыс нысандарының иелері бірігіп әрекет етуі қажет.
Бүгін Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Өскеменде көшпелі кеңес өткізіп, осы бағытта қордаланған мәселелерді талқылады.
Оған өңірдегі туристік компанияның өкілдері де қатысып ұсыныстарын жеткізді, деп жазады qazaqstan.tv.
"Кәсіпкерлердің салаға инвестиция құю мәселесі .Жол мәселесі. Қонақ үй. Белгілі бір стандарттарға жеткізу. Деңгейін көтеру. Сол арқылы шет мемлекеттерге Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға қатысты да біраз өзекті мәселелерді талқылап алсақ деген ниетіміз бар." Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты