"Президенттік құлақтандыру" дабыл белгісі: Алматы әкімдігі түсініктеме берді

Сурет: pxhere
Бүгін, 31 мамырда Mass Alert жедел хабарлау жүйесінің бірінші кезеңі іске қосылды. Құлақтандыру жүйесін тексеру туралы хабарламалар ел азаматтарының ұялы телефонына "Президенттік құлақтандыру" немесе "Ұлттық құлақтандыру" белгісімен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл 3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясы Cell Broadcast арнасының тақырып атауларын стандарттаумен байланысты, осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғысында осы атауларды операциялық жүйе деңгейінде жүзеге асырады", делінген әкімдік хабарламасында.

Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атаулары өзгермейді.

"Осыған байланысты 4370 арнасында "Президенттік құлақтандыру" және "Ұлттық құлақтандыру" деген атаумен хабар таратылды. Қазір "Ұлттық құлақтандыру" деген атаумен әзірлеушілер үшін Қазақстан Республикасына арналған талаптар әзірленіп жатыр".Алматы қаласы әкімдігі

Айта кетсек, Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертуде.

Сондай-ақ, Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі