Антикор: Алматы полицейлері пара алып жатқан жерінде ұсталды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 3 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, алматылық полицейлер сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған кезде видеоға түсіп қалған.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 17 мамырында әлеуметтік желіде белгісіз автордың Алматы полиция қызметкерлеріне ақша аударылғаны туралы бейнежазба жарияланған.

Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әртүрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік министрлігі ақпараттық жүйені пайдалануды 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатты

"Қорғас" ШЫХО кіру және шығу үшін қандай құжаттар қажет: Қазақстан азаматтары үшін маңызды ақпарат

Кесек жеудің кесірі бар ма?

"Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де". Садраддиннің әні көпті ойлантып тастады

Оралдың бір бөлігін қою түтін басты: қалада төтенше жағдай режимі енгізілді