Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады

Сурет: akorda.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорттық атақтарды негізсіз беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұған қазақстандық аралас жекпе-жектен белгілі боксшы Арман Әшімовтің үндеуі септігін тигізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің жалған спортшыларға "ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және "ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейне ақпараты зерделенді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.

Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша Агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Спортты теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы халықаралық стандарттарды ратификациялау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін спорт, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша толық деректерді қамтитын Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды.

Бұл спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құруды көздейді және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді