Әрекетке қабілетсіздерге қамқоршылық орнату: ережелер әзірленді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік қызметті жеке тұлғаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жері құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті:

Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Құжаттар топтамасы немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады, ал мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын беру кезінде:

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жүгінген адамның өтінішінен деректерді енгізеді.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі".

Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамдардың тұрғын үй - тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды.

Осы ретпен тағы да бірнеше қадамдар жасалынады. Құжаттың толық нұсқасы әрі оны қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: