Синоптиктер алдағы күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 2024 жылдың 5,6 және 7 маусымына арналған ауа райы болжамын айтты. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал, Алматы мен Шымкентте күн ыстық болып, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

5 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

6 маусым: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы.

7 маусым: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 20-22 градус жылы.

Алматы

5 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.

6 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы.

7 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус жылы.

Шымкент

5 маусым: аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.

6 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 35-37 градус жылы.

7 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 35-37 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар қазақстандықтарға жалған пошта жөнелтілімдері туралы ескерткен болатын. Оның авторы елдегі ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі деп сендіреді. Сарапшылар тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты